ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банкі" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

15.11.11 11:38
/KASE, 15.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуращиялық банкі" АҚ (Алматы), акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулер мен толықтырулар көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетімен (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 26 қазанында тіркеліп, "Еуразиялық банкі" АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамы өзгеруіне байланысты, сондай-ақ "Еуразиялық банкі" АҚ акцияларын қайта сатып алудағы олардың құнын анықтау әдістемесіндегі өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubnf9_izm_261111_1.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.[2011-11-15]