"Каспий Лимитед" ЖШС KZP01Y05E129 (KZ2P00001670, KASPb1) облигациялары KASE-де "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

01.11.11 11:05
/KASE, 01.11.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 31 қазанындағы шешімімен "Каспий Лимитед" ЖШС (Атырау) KZP01Y05E129 облигациялары (KZ2P00001670, 1 000 теңге, 4,5 млрд теңге; 5 жыл; жылдық 10,00 % жартыжылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарды бақылау мен қадағалау Комитетінде 2011 жылдың 26 қыркүйегінде тіркелген, жалпы сомасы 7,5 млн теңге, "Каспий Лимитед" АҚ бірінші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі бірінші шығарылымы және аталмыш эмитенттің KASE-де листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигациялардың бірінші шығарылымы болып табылады. "Каспий Лимитед" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. "Каспий Лимитед" ЖШС тіркеушісі "РЕЕСТР" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KASPb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "Каспий Лимитед" ЖШС қызметінің негізгі түрлері – қонақ үйлерді, офистік жерлерді және басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлікке иелік ету және басқару; мейрамханалық бизнес; жылжымайтын мүліктің коммерциялық нысандарының құрылысы. Основные виды деятельности ТОО "Каспий Лимитед" – владение и управление гостиницами, офисными помещениями и другой коммерческой недвижимостью; ресторанный бизнес; строительство коммерческих объектов недвижимости. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2011-11-01]