"БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) Басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

09.11.11 10:26
/KASE, 09.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 08 қарашасындағы баспасөз хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. цитата басы Бүгін "БТА Банкі" АҚ (әрі қарай – Банк) басшылық құрамындағы кадрлық орын ауыстырулар туралы мәлім етті. "БТА Банкі" АҚ Директорлар Кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетінің ұсынысына сәйкес және "БТА Банкі" АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен (2011 жылғы 04 қарашадағы № 45 Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы) 2011 ж. 07 қарашадан бастап "БТА Банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Сергей Валерьевич Ельцов мырзаның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды және осы лауазымға Фархад Сергеевич Карагусов мырза сайланды. БАҚ-на арналған байланыс телефондары: тел. +7(727) 266 47 97, 266 47 99 e-mail: pr@bta.kz www.bta.kz цитата соңы [2011-11-09]