"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Commerzbank AG жасасқан несие туралы келісім-шарты бойынша негізгі қарызын өтеу есебіне $10,0 млн төлейтіні туралы хабарлады
30.11.11 10:24
/KASE, 30.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі –
Корпорация), биржаға жолдаған ресми хатында "2011 жылдың 21 қарашасында
Корпорация 2008 жылдың 10 сәуіріндегі несие туралы келісім-шартқа (2009 жылдың
21 желтоқсанындағы өзгертулері және толықтыруларымен) сәйкес, Commerzbank AG
10 млн. АҚШ доллары сомасында негізгі қарызы үшін кезекті төлем жасағаны"
туралы хабарлады.
[2011-11-30]