FITCH ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕЙТИНГІЛІК БАҒАЛАРЫН КӨТЕРДІ, БОЛЖАМ "ПОЗИТИВТІ"

22.11.11 10:13
/Fitch Ratings, Лондон, 22.11.11, Fitch Ratings ағылшын тілінен аудармасы, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings Қазақстан Республикасы эмитентінің дефолт рейтингін ("ЭДР") "BBB-" деңгейінен "BBB" деңгейіне дейін жоғарлатты және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді ЭДР - "ВВВ" деңгейінен "BBB+" деңгейіне дейін. Бұл рейтингілер бойынша болжам - "Позитивті". Сонымен қатар, агенттік Қазақстанның елдік шектегі рейтингін "BBB+" деңгейіне дейін көтеріп, "F3" шетелдік валютадағы қысқа мерзімді ЭДР растады. Fitch мемлекеттік таза шетелдік активтері 2010 ж. соңындағы 37% қарағанда, 2013 ж. соңына қарай 49% жетеді деп күтуде. Агенттіктің болжамдары бойынша елдің жалпы мемлекеттік бюджеті 2011-2013 жж. 6%-7% ЖІӨ деңгейінде профицитпен орындалады. Қазақстанның бюджеті үшін мұнайдың бағасы бойынша болжамдар консервативті болып табылады, және мұнайдың бағасы 80 долл./барр. дейін құласа да, бюджетте профицит болады. Тау-кен қазу және мұнай салаларындағы өндірістің ұлғаюы осы салалардағы өндірістің өсуі туралы сенімді болжамдардың арқасында ірі дамушы нарықтар арасында өсудің ең мықты перспективаларының біреуін демейді. 2011-2013 жж. қарай ЖІӨ өсімі 6% шамасында болжалып отыр, және экономикасы дамыған жетекші елдердегі анағұрлым баяу дамуға қатысты тұраұты болуы тиіс. Шикізат тауарлары бағаларының немесе сыртқы сұраныстың айтарлықтай төмендеуі негізгі тәуекел көзі болуы мүмкін. Проблемалы несиелердің деңгейі 37% – әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі, және мұндай несиелер мемлекеттік бақылаудағы қаржылық ұйымдарда шоғырланған. Сонымен қатар, банктік жүйенің активтері 2008 ж. 56% ЖІӨ көрсеткішінен 43% ЖІӨ көрсеткішіне дейін қысқарды. Сол себепті бұл сала тәуелсіз несиеге қабілеттілікке бұрынғыға қарағанда аз қауіп төндіреді. Мемлекеттің қажет болған жағдайда, банктердің баланстарын қалпына келтіру үшін қорлары бар. Осы орайда, несиелерді шығынға жазуға ынталандыратын кезеңдік реформалар және банктердің баланстарының баяу өсімі шартты міндеттемелердің масштабын бірте-бірте қысқарту керек. Айтарлықтай тәуелсіз активтер мұнай табыстарына тәуелділікті азайтып, 2009 жылдағыдай сауда-саттық шарттарының болашақтағы қандай да бір күр өзгерістеріне бейімделу үшін икемділікті қамтамасыз ететін еді. Ұлттық деңгейде жалпы сыртқы қарыз жоғары болып отыр (70% ВВП), оның ішінде кәсіпорындардың тәуелсіз эмитенттің шартты міндеттемелерін құрайтын мемлекеттік меншіктен алған қарыздары бар. Дегенмен, қазіргі қарқынымен ел 2013 ж. соңына қарай сыртқа несие беруі мүмкін. Әйтсе де, шикізат тауарларының бағасы айтарлықтай күр өзгеріп, мемлекеттің балансын әлсірететін болса, негативті рейтингтік әсер беруі мүмкін. Соңғы он жылдықта мұнай өндірісінің жылдық өсімінің 9% орташа қарқынын (CAGR) және баға өсімін ескере отырып, Қазақстанның табыстардың күрт және ұзақ уақытқа төмендеуі жағдайына төтеп беру қабілеті тәжірибе жүзінде тексеруден өткен жоқ. Елбасы Нурсултан Назарбаев 2011 ж. сәуірінде төртінші мерзімге сайлауды жеңіп шығып, айтарлықтай нық позицияны ұстанып отыр, дегенмен бұл жағдай мирасқорлық және Қазақстанның плюралистік саяси жүйені дамытуы туралы ұзақмерзімді мәселенің басын ашпады. Президентке қолдау көрсетуші билеуші партия Нұр Отан 2012 ж. 15 қаңтарына белгіленген парламент сайлауында басым позициясын сақтап қалады. Байланыстар: Бірінші талдаушы, Чарльз Севиль, Директор +44 20 3530 1048 Екінші талдаушы, Гергели Кисс, Директор +44 20 3530 1425 Комитеттің Төрағасы, Эндрю Кохун, Бас директор + 852 2263 9938 Баспасөзге арналған байланыстар: Анна Быкова, Москва, тел.:+ 7 495 956 9903/9901, anna.bykova@fitchratings.com [2011-11-22]