"ҚАЗЭКСПОРАСТЫҚ холдингі" АҚ (Қазақстан) $35,2 млн мөлшерінде Еуразиялық даму банкінен займ алғаны туралы хабарлады

09.11.11 10:18
/KASE, 09.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚАЗЭКСПОРАСТЫҚ холдингі" АҚ (Астана) 2011 жылдың 08 қарашасындағы баспасөз хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. "ҚАЗЭКСПОРАСТЫҚ холдингі" АҚ Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) өзінің ынтымақтастығын сәтті дамытып, халықаралық қор нарықтарына шығуға дайындық барысында баланс құрылымын оңтайландыру үшін қаржыландыруды тартуда. Банк "ҚАЗЭКСПОРАСТЫҚ холдингі" АҚ-на қымбат займдарды алмастыру үшін 5 жыл мерзімге 35,2 АҚШ долларын береді. Ағымдағы қарызды алмастыру "ҚАЗЭКСПОРАСТЫҚ холдингі" АҚ сыйақыны төлеуде және кепілдік массаны сақтау бойынша шығындарды төлеуде сомалардың елеулі үнемдеуін қамтамасыз етеді, бұл компанияның жалпы табысына жағымды ықпал етеді. [2011-11-09]