"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Қазақстан) Commerzbank AG компаниясымен жасалған несие туралы келісім-шарт бойынша негізгі қарызды өтеу есебіне $10,0 млн төлегені туралы хабарлады
23.12.11 13:09
/KASE, 23.12.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми
тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі –
Корпорация), биржаға ресми хат жолдап, "2011 жылдың 15 желтоқсанында
Корпорация 2008 ж. 10 сәуіріндегі несие туралы келісім-шартқа (2009 ж.
21 желтоқсанындағы өзгертулері және толықтыруларымен) сәйкес,
Commerzbank AG компаниясына 10 млн. АҚШ доллары сомасында негізгі
қарызының кезекті төлемін жасағаны" туралы хабарлады.