"БЕККЕР и К" ЖШС KZ2P0Y05D940 (ISIN – KZ2P00000235, BKKRb1) облигациялары 01 ақпаннан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

01.02.11 18:07
/KASE, 01.02.11/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "БЕККЕР и К" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05D940 облигациялары (ISIN – KZ2P00000235, 1 000 теңге, 8,0 млрд теңге, 02.02.11 – 02.02.16; жартыжылдық купон жылдық 10 %; 30/360) енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитент "Листингілік режелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. "БЕККЕР и К" ЖШС қаржы кеңесшісі "ИФГ КОНТИНЕНТ" АҚ (Алматы) болып табылады. "БЕККЕР и К" ЖШС тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Аталмыш облигацияларға BKKRb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар 01 ақпанда KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/bkkr мекен-жайы бойынша жарияланатын болады.