TETHYS PETROLEUM LIMITED КОМПАНИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІК) ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ СОЛТҮСТІК УРТАБУЛАК КЕНІНДЕГІ ӨНДІРУШІ ҰҢҒЫМАНЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУДІҢ БАСТАПҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІН ХАБАРЛАДЫ

18.02.11 17:42
/KASE, 18.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands) 2011 жылдың 17 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы (бұдан ары – "Тетис" немесе "Компания") (TSX:TPL) Өзбекстандағы Солтүстік Уртабулак кеніндегі NUR96H2 горизонтальдық өндіруші ұңғыманы сынақтан өткізудің бастапқы нәтижелерін жариялады. Аталмыш ұңғыма 3060 метр жобалық тереңдікке дейін бұрғыланды. Тетистің пікірінше, Солтүстік Уртабулак кені маңызды қосымша потенциалға ие, қазіргі уақытта Компания горизонтальдық бұрғылаудың басқа нысандарын бағалап жатыр. Оның пікірінше, Өзбекстанда Солтүстік Уртабулак мұнай кенінен басқа жаңа барлау және өндіру жобаларын сатып алу мүмкіндігі бар, өйткені Өзбекстан акционерлер үшін ұзақ мерзімді потенциалы жағынан акционерлер үшін өте маңызды.