"АТФБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2011 ЖЫЛДЫҢ 11 АҚПАНЫНДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ШЕШІМДЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

18.02.11 17:40
/KASE, 18.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан ары - Банк) KASE ресми хат жолдап, 2011 жылдың 11 ақпанында Директорлар кеңесі, жасасуы Банк мүддесін қарастыратын, мәмілелер бойынша мынадай шешімдер қабылдағанын хабарлады: - Банктің ЮниКредит Групп мүшелерімен 2010 жылдың 01 қарашасынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңінде жасасқан қазынашылық мәмілелері ратификацияланды; - Банктің Транзакционды корпоративті өнімдері департаментінің ЮниКредит Групп мүшелерімен 2010 жылдың 01 қарашасынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңінде жасасқан қазынашылық мәмілелері ратификацияланды; - "АТФБанк" АҚ және "Укрсоцбанк" әлеуметтік дамудың акционерлік- коммерциялық банкі (байланыс тұлғасы) арасында стандартты шарттамен жасақан, корреспонденттік шотты ашу және жүргізу туралы 2009 жылдың 19 маусымындағы Келісім-шартқа қосымша келісім бекітілді.