KAZAKHMYS PLC компаниясы (біріккен корольдік) С. Дяченконың бас операциондық директордың лауазымына тағайындалғандығы туралы хабарлады

03.02.11 17:59
/KASE, 03.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 03 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс Сергей Дяченконың Операциялық бас директор ретінде тағайындалғандығын хабарлайды. Сергей Дяченко Топтың құрамында 2010 жылдың қазан айынан бастап Техникалық директоры ретінде жұмыс істеп келген болған. Дяченко мырзаның жаңа міндеттерінің арасына – Топтың барлық деңгейлеріндегі күнделікті операциялық жəне техникалық процесстерге басшылық ету, сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау мəселелері қосылатын болады. Сергей Дяченко – Г.В.Плеханов атындағы Ленинград тау-кен институтының түлегі, Ресей Ғылым Академиясының Кольсктегі филиалының аспиранты. Претория Университеті (ОАР) Гордон атындағы бизнес-ғылым институтында МВА дəрежесіне ие болған. Тау-кен өндіру саласында 25 жылдан астам еңбек тəжірибесі бар Дяченко мырза De Beers жəне Rio Tinto секілді компанияларда басшылық лауазымдарында болған. Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачуктың түсініктемесі: "Өзінің қысқа ғана жұмыс кезеңінде Сергей Дяченко кəсіпорындарымыздың қызметіне елеулі əсерін тигізе білді, жəне біз оның жаңа лауазымды қабылдағанына қуаныштымыз. Сергей Дяченко сияқты басшылардың бірегей тəжірибесі мен білімдері компаниямызға операциялық қызметтерді тиімділік пен қауіпсіздікті арттыруға баса назар аудара отырып, одан əрі тұрақты дамуына септігін тигізетіні анық." Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыз: Қазақмыс Тобы Джон Смэлт, Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы тел: +44 20 7901 7882, тел: +44 78 7964 2675 Айрин Бэртон , Қаржы талдаушысы тел: +44 20 7901 7814 Зульфира Мұхамедиярова, БАҚ-мен байланыс жасау жөніндегі аға менеджері тел: +77 27 2440 353 Бақыт Мұқанова , Корпоративтік байланыстар жасау жөніндегі аға менеджер тел. +77 27 2440 353 Мерлин Дэвид Саймонсон, тel: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина, тel: +44 20 7726 8400 цитата соңы