"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) ірі мұнай-газ жобаларында қазақстандық үлесті арттыру мәселесі жөніндегі кеңестің 02 ақпанда өтуі туралы хабарлады

02.02.11 17:56
/KASE, 02.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 02 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. цитата басы Осы жылдың 2 ақпаны күні Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) «Қазақстан машина жасаушылар одағы» Заңды тұлғалар бірлестігімен бірге ҚР Мұнай және газ министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, машина жасау компаниялары және ірі мұнай-газ жобалары операторлары («Теңізшевройл» БК ЖШС, NCOC және KPO B.V.), өкілдерінің қатысуымен ірі мұнай-газ жобаларында қазақстандық үлесті арттыру мәселесі бойынша бірлескен кеңес өткізді. Алдын ала есептеулерге қарағанда, ҚМГ ҰК компаниялар тобы бойынша жалпы сатып алу көлемі 1 595,2 млрд. теңгені құрады, сонымен бірге сатып алудың қазақстандық үлесі 51% немесе 811 млрд. теңге болды. Сонымен бірге 776 млрд. сомаға сатып алынған тауарлардың жалпы көлеміндегі қазақстандық жеткізушілердің үлесі 31% немесе 244,7 млрд. теңгені құрады. Атқарылатын жұмыстарға жасалған келісімшарттардың жалпы көлемі 393,1 млрд. теңгені құрады, сонымен бірге қазақстандық үлес 63% немесе 248 млрд. теңге болды.і Барлығы 425,7 млрд. теңгенің қызмет түрлері, сонымен бірге отандық жеткізушілерден 317 млрд. теңгенің қызмет түрлері сатып алынды, бұл қазақстандық үлестің 75% құрайды. Қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды арттыру жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру мақсатында ҚМГ компаниялар тобы 2010-2012 жылдары ҚР мұнай-газ машиналарын жасауды дамытуға жәрдем көрсету Бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыруда. цитата аяғы Аталған баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_020211.pdf мекен- жай бойынша танысуға болады.