ҚҚА "ҚАЗАҚСТАН ЭКСИМБАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP03Y07C299 (EXBNB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН 2010 ЖЫЛДЫҢ 14 ШІЛДЕСІНЕН 2011 ЖЫЛДЫҢ 13 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛДЫ

18.02.11 17:06
/KASE, 18.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 11 ақпанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 14 шілдесінен 2011 жылдың 13 ақпанына дейінгі кезеңде "Қазақстан Эксимбанкі" облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2011 жылдың 13 қаңтарындағы жағдай бойынша 74 652 800 аталған облиагциялары орналастырылмаған. Аталған облигациялар (KZP03Y07C299, EXBNb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 13.07.08 – 13.07.15; құбылмалы жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,00 %) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы жоқ бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы бойынша енгізілді.