"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) "ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАВОДЫ" АҚ ЖАБЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

22.02.11 17:47
/KASE, 22.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 22 ақпанындағы баспасөз хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы кейбір ақпарат құралдарында жарияланған "Павлодар мұнай-химия заводы" АҚ (бұдан әрі – ПМХЗ) жабылуы туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды. ПМХЗ- ны жабу туралы мәселе "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ешқашан қаралған да, талқыланған да жоқ. Демек, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі басқарушы директоры Д.Тиесовтың қатысуымен 2014 жылдан кейін ПМХЗ-ны жабу туралы кеңес өткізілген жоқ және осы мәселе жөнінде эксперттік комиссия құрылған жоқ. ҚР Үкіметінің № 712 14.05.09. «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу заводтарын Кешенді дамытудың 2009-2015 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1072 18.10.10. "Қазақстан Республикасы 2010-2014 жылдарға арналған мұнай-газ секторын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ПМХЗ-ны жаңарту және қайта қалпына келтіруге байланысты жұмыстарды одан әрі жалғастырылуда. 2011 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және Eni компаниясы арасында қол қойылған Келісім шеңберінде ПМХЗ-ны жаңарту жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін жасауды аяқтап, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға көшу жоспарланып отыр. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ Қоғаммен байланыс департаменті Қазақстан, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр көш., 19 тел. +7 (7172) 976340, факс: +7 (7172) 976329 www.kmg.kz цитата соңы