2011 ЖЫЛДЫҢ 08 ақпанынан БАСТАП "нұр Банк" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) БИРЖАДА АМП САУДА-САТТЫҒЫ АШЫЛАДЫ

02.02.11 17:21
/KASE, 02.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2011 жылдың 08 ақпанынан бастап "Нұрбанк" АҚ-ның (Алматы) акциялардың мемлекеттік пакетінің (АМП) биржада сауда- саттығы ашылады. АМП "Нұрбанк" АҚ KZ1P33110118 25 652 артықшылықты акциясынан тұратын бөлінбейтін лот ретінде NZ_NRBNp6 кодымен саудаланады. АМП сауда-саттығы 2011 жылдың 08 ақпанынан бастап 31 желтоқсанына дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіледі. Сауда-саттық күн сайын Алматы уақытымен 11:30-дан бастап 17:00-ге дейін өткізілетін болады. Кепілдік жарна 40 070 441,00 теңге көлемінде беклгіленді. Сауда-саттық бастамашысы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. МАП сауда-саттығы бойынша өкілетті брокер – "CAIFC" компаниясы" АҚ (Алматы). Сатып алушылар МАП бағасын қазақстандық теңгемен әр бір акцияға белгілеп, үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетуі тиіс. Сауда-саттық тәртібі "Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида" атты KASE ішкі құжаты http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша KASE веб-сайтында жарияланған. Сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесулер, http://www.kase.kz/files/normative_base/gpa_kaz.pdf мекен-жайы бойынша KASE веб-сайтында жарияланған, "Мемлекеттік акциялардың пакеті. Сауда- саттыққа жіберу және сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу тәртібі" атты KASE ішкі құжатының 7 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш құжатқа сәйкес мәміле сомасын, KASE комиссиялық сыйақысын және алдында аударған (сауда-саттық басталап алдында МАП сатып алушысы KASE корреспонденттік шотына аударылатын) кепілдік жарнасын қоспағанда, МАП саутап алушысы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәміле жасалған күннен кейін жеті жұмыс күн аралығында аударуы тиіс. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек KASE қор нарығынының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдерін береді. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. "Нұрбанк" АҚ KZ1P33110118 (NRBNp6) артықшылықты акциялары KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді.