2011 ЖЫЛДЫҢ 09 НАУЫРЫЗЫНДА "ҚАЗАҚСТАН КАҒАЗЫ" АҚ KZPC1Y05C020 (KKAGB2) АКЦИЯЛАРЫН ҰСТАУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТЕДІ

17.02.11 17:38
/KASE, 17.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.) Биржаға ақпараттық хабарлама ұсынып, былай деп хабарлады. "Қазақстан Қағазы" АҚ (бұдан ары - Эмитент) 2011 жылдың 15 ақпанында "Казахстанская правда" газетінде Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы" заңы жарияланғандығын хабарлайды. Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Науырызбай батыр көш., 154А, облигацияларды (ҰСН KZPC1Y05C020) ұстаушыларға Эмитенттің Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (2011 жылыдң 15 ақпанындағы отырыс хаттамасы) Эмитент облигацияларын ұстаушыларының жалпы отырысы өтентіндігін хабарлайды. Жиналыс 2011 жылдың 09 науырызында Алматы уақытымен 10.00-ден бастап Қазақстан Республикасы Қаржыгерлер ассоциациясының мәжіліс- залында (Алматы қ., Әйтеке би, 67) өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2011 жылдың 09 науырызында Алматы уақытымен 09.30-дан бастап жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 10 науырында Алматы уақытымен 10.00-ден бастап жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Қайтала жиналыстың қатысушыларын тіркеу 2011 жылдың 10 науырызында Алматы уақытымен 09.30-дан бастап жиналыс өтетін жерде жүзеге асырылады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі 2011 жылдың 16 ақпанындағы Алматы уақытымен 00.00-дегі жағдай бойынша құрастырылған. Жиналыстың күн тәртібінде. 1. Облигациялар (ҰСН KZPC1Y05C020) бойынша Эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау шарттарын анықтау. 2. Эмитенттің облигацияларының (ҰСН KZPC1Y05C020) шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгерістерді және толықтыруларды бекіту. 3. Эмитенттің облигациялары (ҰСН KZPC1Y05C020) бойынша міндеттемелерін қайта құрылымдау туралы келісімді жасасу. 4. Эмитент облигацияларын ұстаушылар мәліметі үшін ақпарат. Тіркеу кезінде жиналыс қатысушылары оларға жиналысқа және қарастырылатын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысуға рұқсат ететін құжаттарды ұсынуы тиіс. Күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі көпшілік сипаттағы материалдар Эмитенттің Интернет-сайтында (www.kazakhstankagazy.com) жарияланатын болады.