"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (қазақстан) 2010 жылға өзінің өндірістік қызметінің алдын ала қорытындылары туралы хабарлады

01.02.11 15:43
/KASE, 01.02.11/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (Алматы) Биржаға баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамы 2010 жылдағы өндірістік қызметінің алдын-ала қорытындыларын шығарды. Содан мәлім болғанындай, Холдингке қарасты кәсіпорындар 2010 жылдағы өндірістік жоспарларын толығымен орындап, болжам жасалған барлық көрсеткіштерге қол жеткізді. 2010 жылы Қазақстанда 17 803 тонна уран өндірілді, бұл 2009 жылғы деңгейден 30%-ға көп. Осылайша, елімізде 2009-2010 жылдары уран өндіру көлемі екі есеге ұлғайды. 2010 жылы еншілес және бірлескен кәсіпорындарды қоса есептемегенде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өзі 9 000 тонна уран сатып, уран өнімдерін өткізу көлемін 2009 жылғы деңгейден 30%-ға көбейтті. Есепті жылдың соңына таман ұлттық атом компаниясының тапсырыстар қоржыны $17 млрд. құрады. Алдын-ала жүргізілген есептеулер бойынша, Ұлттық атом компаниясының 2010 жылдағы таза табысы 53 млрд. теңге төңірегенде болмақ, бұл 2009 жылғымен салыстырғанда 24%-ға артық. Табыстың мұншалықты молаюы уран өнімдерін сату көлемінің өсуімен тығыз байланысты. 2010 жылдың мамыр айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 500 млн. АҚШ доллары сомасындағы дебюттық еурооблигацияларды 6,25% купондық мөлшерлемемен 5 жылдық мерзімге орналастырды. Еурооблигациялар RegS/144А ережелері мен қазақстандық заңнамаларға сәйкес шығарылды. Облигацияларды орналастыру жұмыстары Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында облигацияларды шетелдік мемлекеттер аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде жүргізілді. Еурооблигацияларды орналастырудан түскен қаржы ортақ корпоративті мақсаттарға жұмсалады. Шығарылымды JPMorgan, BNP Paribas сияқты шетелдік қаржы институттары мен отандық «Халық Финанс» АҚ сәтті ұйымдастырды. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасы KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_reliz_010211.pdf мекен-жайы бойынша жарияланды