KAZAKHMYS PLC компаниясы (біріккен корольдік) қарағанды облысындағы тоқырау-саяқ су таратқышын қайта жаңғыртуға 107 млн теңге бөлу туралы хабарлады

02.02.11 16:41
/KASE, 02.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 02 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады цитата басы Қазақмыс Тобы Қарағанды облысындағы Тоқырау-Саяқ су таратқышын жөндеуге 107 млн. теңге бөлді. Жөндеу жұмыстары 2011 жылғы ақпан айының соңына қарай аяқталатын болады. Қарағанды облысының əкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылатын бұл жөндеудің жалпы құны 220 миллионнан астам теңгені құрайтын болады. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген су таратқышы 1966 жылы салынған əрі ол авариялық жағдайда тұр. Балқаш қаласынан 220 шақырым жердегі жəне маңында жұмыс істеп тұрған Саяқ кеніші орналасқан Саяқ кентінің тұрғындары бірнеше жыл бойы ауыз суымен қамсыздандырудың проблемаларын сезініп келеді. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқармасының Төрағасы Эдуард Огайдың түсініктегені: "Су таратқышын қайта жаңғыртып қалпына келтіру – инфрақұрылым мен тұрғын-коммуналдық саланы дамытуға бағытталған облыстық əкімдіктермен бірлескен біздің компаниямыздың жобаларында қатысудың көрнекі мысалдарының бірі болып отыр. Біз, кəсіпорындарымыз орналасқан аймақтар үшін жауапкершілігімізді ұғынамыз əрі сондағы тұрғындардың тірлігі жағдайларын жақсартуға елеулі мəн беріп келеміз". Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыз: Қазақмыс Тобы Джон Смэлт, Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы тел: +44 20 7901 7882, тел: +44 78 7964 2675 Айрин Бэртон , Қаржы талдаушысы тел: +44 20 7901 7814 Зульфира Мұхамедиярова, БАҚ-мен байланыс жасау жөніндегі аға менеджері тел: +77 27 2440 353 Бақыт Мұқанова , Корпоративтік байланыстар жасау жөніндегі аға менеджер тел. +77 27 2440 353 Мерлин Дэвид Саймонсон, тel: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина, тel: +44 20 7726 8400 цитата соңы