"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" ақ (қазақстан) "жалпы сақтандыру" саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны алғаны туралы хабарлады
02.02.11 16:33
/KASE, 02.02.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми (KASE)
тізімінде тұрған, "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ
(Алматы, бұдан ары - Қоғам) KASE-ге ресми хат жолдап, былай деп
хабарлады.
20.01.2011 жылы Қоғамға "жалпы сақтандыру" саласында сақтандыру (қайта
сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін, сақтандырудың еркін
формасындағы сақтандырудың қосымша класстары енгізілген, лицензия
берілді:
1. Қазақстан Республикасы "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 6 бабы
3 тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген,
класстарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;
2. титулдық сақтандыру.