KASE Биржалық кеңесі мерзімдік нарықта клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне енгізілген тузетулерді бекітті

01.02.11 15:44
/KASE, 01.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 31 қаңтарындағы шешімімен "Мерзімдік нарықта клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатына енгізілген # 2 өзгертулерді және толықтыруды (түзетулерді) бекітті. Түзетулер Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің келісіміне жіберіледі және аталмыш агенттіктің келісімі алынғаннан кейін қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулер: - KASE мүшесінен маржалық шоттан немесе кепілдік салым шотынан ақша аудару туралы өкімді беру уақытты, сондай-ақ қандай уақытқа дейін мұндай өкімді KASE орындауы тиіс уақытты реттеді; - Мерзімдік контракттардың есептік бағасын анықтау тәртібі, соның ішінде сауда сессиясы барысында мерзімдік контракттар сериясымен жасалған мәмілелер жасалмаған жағдайларды қосқанда, нақтыланды. Мерзімдік нарықта клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелерінің жаңартылған мәтіні түзетулер келісілгеннен кейін KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/clearing_rules_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланатын болады.