KASE Биржалық кеңесі толық қамтылумен Т+0 үлгісі бойынша бағалы қағаздармен сауда-саттық қорытындылары бойынша есептесулерді жүргізу регламентін жаңа редакцияда бекітті

01.02.11 15:35
/KASE, 01.02.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 31 қаңтарындағы шешімімен "Т+0 үлгісі бойынша бағалы қағаздармен сауда-саттық қорытындылары бойынша есептесулерді жүргізу регламентін " жаңа редакцияда бекітілді. Регламенті Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің келісіміне жіберілетін болады. Регламентті іске қосу күні туралы KASE сауда жүйесінің өзгертілген нұсқасы тиісті түрде пайдалануға берілгеннен кейін қосымша хабарланатын болады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ Регламенттің жаңа нұсқасымен (Депозитарий) келісуі барысында оған мынадай негізгі өзгерістер енгізілді: - KASE және Депозитарийдің өзара байланысының тәртібі нақтыланды; - уәкілетті мемлекеттік органдарының шешімі бойынша сауда-саттық қатысушыларының Депозитарийдегі шоттарына ауырпалық салынған жағдайда олардың жауапкершілігі нақтыланды; - мәмілелер және есептесулерді жүргізу бойынша KASE және Депозитарий арасынжа ақпарат алмасу тәртібі реттелді; - Депозитарий белгілеген, терминологияға сәйкес терминология түзетілді. Бұған қоса, Регламентке редакциялық түзетулер енгізілді. Регламент іске қосылған күннен бастап "Бағалы қағаздармен сауда- саттық қорытындылары бойынша есептесулерді жүргізу регламенті" атты KASE ішкі құжатының күші жойылады. Регламент мәтіні KASE веб-сайтында оған келісім берілгеннен кейін жарияланатын болады.