08 АҚПАННАН БАСТАП KASE ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚ СЕКТОРЫНДА "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ XS0373642585 (KMGZE1), XS0373641009 (KMGZE2), XS0441261921 (KMGZE3) ЖӘНЕ XS0506527851АО (KMGZE4) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ АШЫЛДЫ

07.02.11 17:31
/KASE, 07.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 08 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) мынадай халықаралық бойынша сауда-саттық ашылды: - XS0373642585, US48667QAB14 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe1; $1 400,0 млн; 02.07.08 – 02.07.13, жартыжылдық купон жылдық 8,375 %; 30/360); - XS0373641009, US48667QAA31 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe2; $1 600,0 млн; 02.07.08 – 02.07.18, жартыжылдық купон жылдық 9,125 %; 30/360); - XS0441261921, US48667QAC96 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe3; $1 500,0 млн; 23.07.09 – 23.01.15, жартыжылдық купон жылдық 11,75 %; 30/360); - XS0506527851, US48667QAE52 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe4; $1 500,0 млн; 05.05.10 – 05.05.20, жартыжылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360). XS0441261921, US48667QAC96 (KMGZe3) облигациялар бойынша KASE сауда жүйесіндегі баға белгілеу жинақталған мүддені (таза баға) есебімен, ал қалғандары бойынша кірістілік мәні бойынша баға белгілеуді беру мүмкіндігінсіз, жинақталған мүддені (таза баға) есебі ескерілмеген бағада жүзеге асырылады. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "VISOR Capital" (ВИЗОР Капитал) АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі берешектің атаулы көрсетіліміндегі әрбір шығарылым бойынша 19 200 АҚШ доллары. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2010 жылдың 09 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/kmgz мекен-жайы бойынша жарияланған.