"ҚАЗАҚСТАН КАҒАЗЫ" АҚ KZ2C0Y05D117 (KKAGB4) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ АҢДАТПАСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ЕНГІЗУДІ КӨЗДЕП ОТЫР

18.02.11 15:23
/KASE, 18.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл., бұдан ары - эмитент), Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. 2011 жылдың 17 ақпанында эмитент Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне 2008 жылғы облигациялардың (ҰСН KZ2C0Y05D117) шығарылымы аңдатпасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды олардың мемлекеттік тіркелімі үшін ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар облигацияларды өтеу мерзімінің ұзаруын, купондық сыйақы мөлшерлемесінің және оны төлеу тәртібінің өзгеруін, сондай-ақ эмитенттің қабылдайтын, аңдатпаны шектелімдермен (ковенанттармен) толықтыруды қарастырады.