"ҚАЗАҚСТАН ҚАҒАЗЫ" АҚ "PARAGON DEVELOPMENTS" ЖШС ЖӘНЕ "AVON COSMETICS (KAZAKHSTAN)" ЖШС АРАСЫНДА ҚОЙМАЛЫҚ ЖЕРЛЕРДІ БЕРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

09.02.11 14:39
/KASE, 09.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.) 2011 жылдың 09 ақпанындағы баспасөз хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. "Қазақстан Қағазы" АҚ (Бұдан ары - "Компания"/"Топ") "Астана-Контракт" АҚ еншілес компаниясы "Paragon Developments" ЖШС және "Avon Cosmetics (Kazakhstan)" ЖШС арасында 5 жылдық мерзіммен, Алматы қаласында орналасқан А кластағы қоймаларда жалпы көлемі 5 000 шаршы метр қоймалық жерлерді беру туралы келісім-шартқа қол қойылғандығын хабарлайды. "Avon Cosmetics (Kazakhstan)" компаниясы алып жатқан, қоймалық жерлердің көлемі А кластағы жалпы көлемнің 10% құрайды. Сонымен, Avon компаниясымен келісім-шарт жасасу бойынша А кластағы қоймаларды толтыру 61% құрады, 2010 жылдың басында 23% болатын. Бұған қоса, 2010 жылы Paragon жаңа клиенттермен жұмыс жасады. Атап айтқанда, Mitsubishi Motors-тың Қазақстандағы ресми дистрибьютері болып табылатын, "Rycom-Kaz" ЖШС, сондай-ақ Wrigley Kazakhstan компаниясы. Аталған екі компания компании Wrigley Kazakhstan ұсынған қызметтерді пайдаланады.