"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C55620013 ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ БАСҚАРУЫНДАҒЫ "ФАВОРИТ" ИПИҚ KZPFN0045018 (REAMFV) ПАЙЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

04.02.11 15:33
/KASE, 04.02.11/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ФАВОРИТ" интервалды пайлық инвестициялық қордың (тақырып атауында және бұдан әрі - "ФАВОРИТ" ИПИҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын, "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ (Алматы) 28 қаңтарында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес: - "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ-ның KZ1C55620013 жай акцияларына – KZ1C00000066 ISIN берді; - "REAL ASSET MANAGEMENT" АҚ басқаруындағы "ФАВОРИТ" ИПИҚ KZPFN0045018 пайларына (KASE ресми тізімі, "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, REAMfv) –KZPF00000017 ISIN.