"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "REAL-INVEST.KZ" ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C50780010 (REAL) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P50780116 (REALP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

04.02.11 15:00
/KASE, 04.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 28 қаңтарында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы" АҚ-ның: - KZ1C50780010 жай акцияларына (KASE ресми тізімі, екінші санат, REAL) – KZ1C00000074 ISIN берді; - KZ1P50780116 артықшылықты акцияларына (KASE ресми тізімі, екінші санат, REALp) – KZ1P00000087 ISIN берді.