ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІ ТИХВИНДІК ВАГОНҚҰРЫЛЫСЫ ЗАУЫТЫНЫҢ (РЕСЕЙ) ҚҰРЫЛЫСЫНА БЕРІЛЕТІН КРЕДИТ ЖЕЛІСІ ШЕКТЕЛІМІНІҢ КӨБЕЙТІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

18.02.11 13:59
/KASE, 18.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізмінде тұрған (KASE) Еуразиялық даму банкі 2011 жылдың 17 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабалады. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және "Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі (Сыртқыэкономбанк)" Ленинград облысындағы Тихвиндік вагонқұрылысы зауытының құрылысына кредиттік желісінің шектелімін 430 млн АҚШ долларынан 660 млн АҚШ долларына дейін көбейтті. Сөйтіп, Сыртқыэконом банк және ЕАДБ "Тихвиндік вагонқұрылысы зауыты" (ТВҚЗ) 330 млн АҚШ долларынан бөліп отыр. Ленинград облысындағы жаңа вагонқұрылысы зауытының негізінде жоғары технологиялық өндірісті жасауға қайта жанданбайтын кредиттік желіні ашу туралы келісімге Сыртқыэконом банк, ЕАДБ және ТВҚЗ 2008 жылдың қазанында қол қойды. Қаражат кәсіпорынның құрылысына, қондырғыларды сатуп алуға, зауытты іске қосуға бағытталған. Қарыздық қаражаттың арттырылуы өндірісті автоматтандыру деңгейінің ұлғаюымен, сондай-ақ жаңа буын жүк вагондары және дефицитті вагон балқыту өндірісі қуатының артуымен түсіндіріледі. ТВҚЗ құрылысының капиталды шығындарының жалпы көлемі бір млрд. АҚШ долларынан асып шығылады – бұл Еуропада салынып жатқан машижасау саласындағы өнеркәсіптік нысандарының ішінен ең ірісі. Өндірісті іске қосу ағымдағы жыл ішінде кезең-кезеңмен жоспарланған. Жоба "ИСТ" Компаниялар тобы инвестициялық-өнеркәсіптік холдингтің қолдауымен жүзеге асырылуда, құрылысын және технологиялы жабдықталуын "ИСМ" ресейлік компаниясы жүзеге асырады. Жаңа кәсіпорынның өндірісіне деген сұраныстың негізгі факторлары жылжымалы құрамның тозған паркін жаңарту қажеттілігі, жаңа буынның жүк вагондарына сұраныстың күрт өсуі болып табылады. Жүк вагондары өндірісінің жоғары технологиялық өндірісін жасау жобасы қос банктің миссиясы мен стратегиясына сәйкес келеді: - Жобаны жүзеге асыру жүк вагондарының қалың шығаруымен байланысты, бұл Ресейдің көлік саласының жалпы дамуына және темір жол тасымалдауы тиімділігің артуына, сондай-ақ вагон паркінің ескіруі салдары бойынша темір жолдарда апаттық жағдайлардың алдын алуға әсер етпек. - Жобаны жүзеге асыру 3500 жаңа жұмыс орнын ашуға және бюджетке түсетін салық төлемдерінің артуына мүмкіндік береді. - Жоба банктер үшін басымдылық танытатын секторларға жасады (машина жасау және көлік). - Жоба реселәк көлік жүйесін дамыту арқылы Ресей Федерациясы және ЕурАзЭМ және ТМД елдері арасында экономикалық интеграцияға, ТМД елдерінің біртұтас көлік кеңістігін нығайтуға, бұл елдерге өнімді экспорттауға ықпал етеді.