"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "АПК-ИНВЕСТ" КОРПОРАЦИЯСЫ" ЖШС-НІҢ (ҚАЗАҚСТАН) ОБЛИГАЦИЯМ KZP01Y03C995 (APKIB1), KZP02Y03C993 (APKIB2) ЖӘНЕ KZP03Y03C991 (APKIB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

16.02.11 12:53
/KASE, 16.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС (Астана) 2011 жылдың 02 ақпанында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмелерін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС мынадай облигацияларына: - KZP01Y03C995 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, APKIb1) – KZ2P00000300 ISIN берді; - KZP02Y03C993 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, APKIb2) – KZ2P00000292 ISIN берді; - KZP03Y03C991 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, APKIb3) – KZ2P00000318 ISIN берді.