/KASE, 25.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана),
Биржаға баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп мәлімдеді.
2011 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтің Бейжин қаласына, ҚХР, мемлекеттік іс-сапары
барысында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ екі ел басшыларының
көзінше Қытайдың Экспорттық-Импорттық Банкімен Жеке Несиелік
келісім жасасты.
Аталмыш келісімге сәйкес Қытайдың Экспорттық-Импорттық Банкі
"Kazakhstan Petrochemical Inc." ЖШС-нің "Бірінші интеграцияланған
газды-химиялық кешеннің және инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің
құрылысы – Бірінші фаза" инвестициялық жобасын қаржыланжыру
мақсатында Қазақстанның Даму Банкіне 1 380 400 000 АҚШ
долларына қарыз беруді көздеп отыр.
Аталмыш құжат отын-энергетикалық салада ынтымақтасық үшін 2009
жылдың 01 тамызында жасалған бес миллиард АҚШ доллары көлемінде
Бас Келісімнің нәтижесі болып табылады және оған Басқарма
Төрағасының Бірінші орынбасары – Қазақстан Даму Банкі
Басқармасының Мүшесі Нұрлан Құсайынов және Экспорттық-
Импорттық Банктің Вице-Президенті Су Жонг қол қойды.
Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_220211.pdf мекен
жайы бойынша танысуға болады.