2011 ЖЫЛДЫҢ 24 НАУРЫЗЫНДА "БТА БАНК" АҚ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ "БТА ҚАЗАҚСТАН" ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ" АҚ (КАЗАХСТАН) АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

28.02.11 14:50
/KASE, 28.02.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы "БТА Қазақстан" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2011 жылдың 24 наурызында сағат 11:00 компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - компанияны қайта құрылымдау; - компания акционерлерінің мәліметтері үшін ақпарат. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко көш., 162ж, 501 бөлме. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:30-дан басталады. Аталмыш жиналыс Алматы қ., Самал-2 ы/а., Жолдасбеков көш., 97, А2 болгы мекен-жайы бойынша өтеді. Осы жиналыстың қатысушыларын тіркеу сағат 10:30 бастап жүргізіледі. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 25 наурызында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі.