"GLOBAL FINANCE" ЖУРНАЛЫ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ "HALYK FINANCE" ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ" АҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 2011 ЖЫЛҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАНК ДЕП ТАНЫДЫ

24.02.11 14:58
/KASE, 24.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 24 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. цитата басы Жыл сайын жүргізілетін дәстүрлі зерттеулер нәтижесі бойынша «Halyk Finance» АҚ Қазақстандағы үздік инвестициялық банк («Best Investment Bank in Kazakhstan 2011») атағын иеленді және дүние жүзінің 2011 жылғы үздік инвестициялық банктерінің тізіміне енгізілді, бұл тізім «Global Finance» журналының сәуір айындағы санында жарияланатын болады. Жеңімпазды таңдау кезінде сарапшылар компанияның нарықтағы үлесі, мәмілелерінің саны мен жиынтық көлемі, клиенттерге қызмет көрсету және кеңес беру деңгейі, мәмілелерді құрылымдау (қайта қарау), ағымдағы нарықтық жағдайлар шеңберінде алға қойылған міндеттерді шешуге күш салу мүмкіндігі, сондай-ақ сату арналарының тиімділігі, инновациялық, бағалы қағаздарды орналастыру кезінде баға белгілеу және мәміле аяқталғаннан кейінгі бағаның құбылу деңгейі мен компанияның нарықтағы беделі сияқты көрсеткіштер ескерілді. Үздік инвестициялық банктер тізімінің жариялануына түсінік берген «Global Finance» басылымын шығарушы Джозеф Джиаррапутоның пікірінше, инвестициялық банкинг саласы қаржылық дағдарыстың салдарынан түбегейлі өзгеріске ұшырады, - өз бизнесін клиенттің мұқтаждығына қарай бағдарланған бизнес моделіне сәйкес құра алған қаржылық институттар үздік деп танылды. Бұған дейін, 2011 жылдың ақпан айында EMEA Finance халықаралық басылымы «Halyk Finance» АҚ-н Еуропадағы, Таяу Шығыс пен Орта Шығыс және Африка елдеріндегі «Тәуелсіз қорлар облигацияларымен жасалған үздік мәміле» («Best Sovereign Wealth Fund Bond Deal») деген номинация бойынша атап өткен болатын. Бұл жолы «Halyk Finance» АҚ-ның 2010 жылғы қыркүйек айында жүзеге асырған жұмысы - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ-ның 75 млрд. теңге сомасына облигацияларын шығару және орналастыру бойынша қаржылық кеңесші (консультант) және андеррайтерлік қызметі бағаланған болатын. «Мұндай үлкен марапат халықаралық қаржылық қауымдастықтың біздің компанияны мойындағандығының дәлелі ғана емес, сонымен қатар бұл клиенттеріміздің тарапынан бізге берілген жоғары баға мен артылып отырған сенім белгісі әрі инвестициялық банкинг қызметінің Қазақстанда тұрақты даму сипатына ие болғандығының көрсеткіші, - деп атап көрсетті «Halyk Finance» АҚ Басқарма Төрағасы Еркебұлан Төлебергенов, - Қазақстандық бағалы қағаздар нарығын сауықтыру процесі одан әрі жалғасын тапса, бұл еліміздің бағалы қағаз шығарушылары (эмитенттер) үшін тиімді де жағымды құбылыс болатындығы сөзсіз, сондай-ақ жергілікті нарықтағы отандық компаниялар ұсынатын қаржы қызметінің сапасы жақсарып, одан әрі жетіле түсетіндігіне сенімдіміз». «Halyk Finance» АҚ - инвестициялық-банктік қызметтердің толық жиынтығын ұсына алатын Қазақстандағы жетекші инвестициялық мекеме, атап айтқанда, қаржылық консалтинг және андеррайтинг (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру (акциялар және компанияларға қатысу үлесін сатып алу /сату бойынша M&A консультациялық қызметі) қызметін көрсетеді, сондай-ақ брокерлік қызметтер мен Қазақстан Қор биржасының сауда алаңында бағалы қағаздармен сауда жасау, маркет-мейкер қызметін, инвестициялық портфельді басқару, ұдайы түрде жүргізілетін аналитикалық (талдау) қызмет ұсынады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттерінің саны мен республикамыз бойынша кеңейтілген филиалдар желісі жағынан еліміздің қаржы нарығындағы жетекші банк болып табылады. Қазіргі уақытта Банк 13 еншілес компанияның басын біріктіретін «Halyk Group» әмбебап қаржылық тобының құрамына кіреді. Қаржылық топ халыққа, оның ішінде жалпы тұрғындарға және шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет ауқымын (банктік қызметтер, зейнетақылық жинақ, сақтандыру қызметі, лизинг (жалға беру), брокерлік-дилерлік қызмет, активтерді басқару қызметі) ұсына алады, Халық Банкі сондай-ақ өзінің Ресейдегі, Грузиядағы және Қырғызстандағы еншілес құрылымдары арқылы да банктік операцияларды жүзеге асырады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на Moody’s Investor Service (Ba2), Fitch Ratings (B+) және Standard&Poor’s (B+) халықаралық ірі рейтинг агенттіктерінен тиісті рейтингтер берілген. «Global Finance» – дүние жүзінің 163 еліне таралатын, 50 мыңнан астам таралымы және 180 мыңнан астам оқырманы бар халықаралық қаржылық басылым . «EMEA Finance» - Еуропадағы, Таяу Шығыс пен Орта Шығыс және Африка елдеріндегі корпоративтік қаржы саласындағы маңызды оқиғалар мен жаңалықтар туралы хабарлап отыратын халықаралық журнал. Аталған басылымның мәліметі бойынша жыл сайын осы өңірлердегі рыноктарда жасалатын корпоративтік мәмілелер бойынша жетістіктер марапатталады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы