"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (КАЗАХСТАН) ПАВЛОДАРДА ӨЗІНІҢ ID CENTER-НІҢ АШЫЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

07.02.11 13:31
/KASE, 07.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) "Қазақтелеком" АҚ (Астана) Биржаға 2011 жылдың 07 ақпанындағы баспасөз- хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді. 2011 жылдың 4 ақпанында Павлодар қаласында «Қазақтелеком» АҚ қызметтерінің көрсетілім залы – iD Center ашылды. Ашылу салтанатына «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Куанышбек Есекеев және Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. iD Center – ол әрбір келушіге жаңа телекоммуникация қызметтерін тегін пайдалануға және мамандардың кеңестері мен толыққанды ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін замануи инфокоммуникациялық технологиялардың әлеуметтік-танымдық орталығы. iD Center-де интерактивті телевизия (iD TV), жаңа буын желілеріндегі телефонияның қазіргі заманғы түрлері (iD Phone), сымсыз Интернет (Wi-Fi), Интернетке кең жолақты қатынау (Megaline) және тағы басқалар сияқты қызметтер бар. Жобаның негізгі мақсаты - халықтың «Қазақтелеком» АҚ жаңа технологиялары мен сервистері жайында хабардар болуын қамтамасыз ету.