ҚҚА "АТФБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМЫНА РОМЕО КОЛЛИНАНЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫМЕН КЕЛІСТІ

16.02.11 12:12
/KASE, 16.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы) Биржаға ресми хат жолдап, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 08.02.2011 жылғы # 36 хаттамасына сәйкес "АТФБанк" АҚ Басқармасы Төрағасы лауазымына Ромео Коллинаның тағайындалуы келісілгенін хабарлады.