"Альянс Капитал" қаржы компаниясы" АҚ "Карагандинский завод асбестоцементных изделий" АҚ KZPC2Y05B806 (KAZIb2) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

02.02.11 12:39
/KASE, 02.02.11/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының шешімімен (KASE) "Альянс Капитал" қаржы компаниясы" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 14 ақпанынан бастап "Карагандинский завод асбестоцементных изделий" АҚ (Қарағанды обл.) мынадай облигациялары бойынша маркет-мейкер міндеттерін атқарудан босатылды: - KZPC2Y05B806 (KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, KAZIb2); - KZP03Y05B808 (KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, KAZIb3). Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі құжатының 5 бабы 2 тармағына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды.