"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2CKY10B513 (KKGBB4) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 13-ШІ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 10,10 % ҚҰРАДЫ

28.02.11 12:43
/KASE, 28.02.11/ – "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZ2CKY10B513 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, KKGBb4; 10 000 теңге, 7,0 млрд теңге, 25.03.05 – 25.03.15, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) 2011 жылдың 25 науырызынан 25 қыркүйегіне дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,10 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 25 науырызына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,70 % пайызды құраған.