"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "REAL-INVEST.KZ" ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ" АҚ -НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05C747 (REALB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА CFI КОДЫН БЕРДІ

04.02.11 11:57
/KASE, 04.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 01 ақпанында CFI коды (қаржы құралының классификациялық коды) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Қаржы құралының классификациялық коды (CFI коды)" ISO 10962 халықаралық стандарттарға сәйкес, "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы" АҚ KZ2C0Y05C747облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, REALb1) CFI DBVUFR кодын берді.