ҚҚА "ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP04Y10C614 (EUBNB7) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУДІ БЕКІТТІ

15.02.11 12:37
/KASE, 15.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің (ҚҚА) 2011 жылдың 08 ақпанындағы ескертпе хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Айтылмыш құжатқа сәйкес ҚҚА "Еуразиялық банк" АҚ KZP04Y10C614 облигацияларын (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EUBNb7; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 21.01.09 – 21.01.19; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,30 %; 30/360) орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті. ҚҚА хабарламасына сәйкес 2011 жылдың 21 қаңтарындағы жағдай бойынша аталмыш облигациялардың 56 600 данасы орналастырылды.