2011 ЖЫЛДЫҢ 16 АҚПАНЫНДА БИРЖАДА "МАҢҒЫСТАУ ЭЛЕКТРОТОРАПТЫҚ БӨЛУ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C24600013 (MREK) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН САТУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

08.02.11 11:37
/KASE, 08.02.11/ – 2011 жылдың 16 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау) KZ1C24600013 жай акциялары (KASE ресми тізімі, екінші санат, MREK) бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы сатушы "БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Секьюритис" АҚ (Алматы) болып табылады. "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ жай акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы саны 2 011 016 дана, олардың 20 411 қайта сатып алынды. Сатылымның мәлімденген көлемі 1 580 467 акция (орналастырылған акциялардың жалпы санынан 78,6 %). "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ жай акцияларының осы кездегі жалпы саны 2 011 016 дана, олардың 1 990 605 данасы орналастырылды. Сатылымның мәлімденген көлемі 1 580 467 акция (орналастырылған акциялардың жалпы санынан 79,4 %). Сауда-саттықтағы минималды лот 1 580 467 акция деп белгіленді. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде 2011 жылдың 16 ақпанында Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 11:30-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – MREKA. Сатып алушы кесімді бағаны 2011 жылдың 17 ақпанында ALT 12:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер KASE ережелер жинағына сәйкес (100%-дық кепілдік жарна туралы шартты орындаумен) 2011 жылдың 17 ақпанында (Т+1) жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың әлеуетті сатып алушысы 2011 жылдың 16 ақпанында Алматы уақыты (ALT) 11:00-ге дейін KASE корреспонденттік шотына 340 000 000 теңге көлеміндегі кепілдік жарнаның аударылуын қамтамасыз етуі тиіс. Кепілдік жарна сатып алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін қолданылады. Егер кепілідк жарна мәміле сомасына жаппаған жағдайда, бағалы қағаздардың сатып алушысы өзі сатып алған бағалы қағаздардың төлемі үшін биржаның корреспонденттік шотына есептесу күні 15:00 ALT дейін қалған ақшаның аударылуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, акцияның бағасы теңгемен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны сатылатын акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі сатылатын акциялардың бір акцияның бағасына көбейтіндісіне тең болуы тиіс. Сату өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпараттарды KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/mrek/mrekf9_2005.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған