"АСТАНА-НЕДВИЖИМОСТЬ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ХАБАРЛАДЫ

07.02.11 12:20
/KASE, 07.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Астана-Недвижимость" АҚ (Астана) өз Басқармасының жаңа құрамындағы өзгерістер туралы Биржаға хабарлап, ресми хат жолдады. Аталған хатқа сәйкес 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап "Астана- Недвижимость" АҚ мынадай құрамда бекітілді: 1. Муллашева Аида Маратовна – Басқарма төрайымы; 2. Сумина Татьяна Владимировна – Басқарма мүшесі 3. Яхин Жанат Бекетович – Басқарма мүшесі