"БТА БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2011 ЖЫЛДЫҢ 09 АҚПАНЫНДА ӨТКЕН АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ХАБАРЛАДЫ

11.02.11 11:05
/KASE, 11.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE), "БТА Банк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 11 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. цитата басы Бүгін БТА Банкі (бұдан кейін – "Банк") 2011 жылдың 9 ақпанында өткен өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысын хабарлады. Күн тәртібіндегі қарастырылған сұрақтардың нәтижесінде Банк акционерлері: 1) "Қазақстан Қор биржасы" АҚ (KASE) (листинг) ресми тізіміне Банктің қарапайым акцияларын енгізу (ұлттық бірегейлендіру нөмірі - KZ1C34920013). 2) Люксенбург Қор биржасының (Luxembourg Stock Exchange) (листинг) ресми тізіміне Банктің депозитарлық қолхатын (халықаралық бірегейлендіру кодын (ISIN) – US05574Y2090 және US05574Y1001), Банктің міндеттемелерін қайта құрылымдау Жоспарына сәйкес шығарылған 1:500 арақатынасындағы Банктің қарапайым акцияларын енгізу туралы шешім қабылдады. БАҚ байланыс телефондары: тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78 e-mail: pr@bta.kz www.bta.kz цитата соңы