TETHYS PETROLEUM LIMITED КОМПАНИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІК) ӨЗІНІҢ ЕНШІЛЕС ТЕТИСМҰНАЙГАЗ КОМПАНИЯСЫ ЖӘНЕ "EURASIA GAS" ЖШС АРАСЫНДА БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

21.02.11 11:03
/KASE, 21.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands) 2011 жылдың 17 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы (бұдан ары – "Тетис" немесе "Компания") (TSX:TPL) өзінің Қазақстандағы жүз пайыз еншілес ТетисМұнайГаз кәсіпорны Қазақстандағы темір жол мұнай құю терминалының (бұдан ары – "Терминал") құрылысы және оны пайдалану жөніндегі бірлескен кәсіпорын туралы келісімге қол қойғандығын жариялады. Кәсіпорын ТетисМұнайГаз және оның жаңа партнері, Қазақстанда мұнай бөлу саласында үлкен тәжірибесі бар, "Eurasia Gas" ЖШС-не тең үлеспен (50/50) тиесілі болады. Мұнай өндірудің бірінші кезеңінің аясында Тетис қазіргі уақытта, мұнайды өндірудің бұрынғы сызбанұсқасына сәйкес, АКД01 ұңғымасы алаңынан өңделмеген мұнайды сатуда. Мұнай ұңғымадан 430 шақырым жерде орналасқан, Эмба қаласының маңындағы нысанға мұнайтасымалдаушылармен жеткізіледі, мұнай өңделіп, жергілікті мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі. Бұл бастапқы мұнай сызбанұсқасы ақша ағымын жедел мобилизациялау үшін және тәулігіне 750 баррельге дейінгі мөлшерде өңірде мұнайды тасымалдау тәжірибесіне қол жеткізу үшін қабылданды. Қазіргі уақытта мұнай өндірудің екінші кезеңі үшін, мұнай өңдеу зауыттарының техникалық талаптарына оның сай болуын және АКД01 ұңғымасынан өндіру көлемін 750 бнс-тен 3000-4000 бнс-ке дейін арттыру мақсатында кен орындарында инфрақұрылым жасалуда. Терминал құрылысы тасымалдау қашықтығын және қолдану шығындарын елеулі азайтып, табыс үлесін арттырады және мұнайдың осындай көлемдерін тасымалдауға қажетті автоцистерналар санын азайтады. Мұнай өндірудің екінші кезеңіне арналған инфрақұрылым және терминал 2011 жылдың шілдесінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда; бұл уақытқа қарай өндіру көлемін 3000-4000 бнс-ке дейін арттыру жоспарланып отыр. Өңделгеннен кейінгі мұнай сапасы және тасымалдау шығындарын үнемдеу арқылы жүк партиясын арттыру Тетис кірісінің өсуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.