TETHYS PETROLEUM LIMITED КОМПНАИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІК) БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛАУАЗЫМЫНА ДЖУЛИАН ХАММОНДТЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

16.02.11 10:55
/KASE, 16.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands) 2011 жылдың 14 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы (бұдан ары – "Тетис " немесе "Компания ") (TSX:TPL) Компанияның Бас атқаоушы директоры орынбасары лауазымына Джулиан Хаммонд мырзаның тағайындалғандығын жариялады. Хаммонд мырза бұрынғыдай Бас коммерциялық директор лауазымын атқара отырып, снымен бірге Бас атқарушы директор Дэвид Робсонның орынбасары қызметін атқаратын болады. Хаммонд мырзаның мамандығы бойынша қаржыгер, бұрынғы Кеңес Үкіметінің елдеріндегі мұнай газ саласында 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, ал Тетис компаниясында оның құрылуынан бастап қызмет етеді. Тетистің Басқарма төрағасы және Бас атқарушы директоры Дэвид Робсон мырза: "Мен Хаммонд мырзаның жаңа лауазымға тағайындалғанына қуаныштымын. Бұл шешім Компанияның ағымдағы жобаларының бұдан арғы өсуіне және дамуына қосымша жасалған қадам", - деп атап өтті. Осыған орай Тетистің Бас атқарушы директорының орынбасары Джулиан Хаммонд: "Осы лауазымға тағайындалғаныма қуаныштымын. Тетист үшін стратегиялық жағынан маңызды осы жылы жаңа міндеттерімді орындауға дайынмын. Біздің ұжым жобаларымыз жүзеге асып жатқан барлық үш елде қыруар қызмет атқарып жатыр, бұл еңбегіміз биыл және кейінгі жылдары акционерлерімізге жақсы нәтиже беретінін күтудеміз", - деген пікірін білдірді.