16 АҚПАНҒА БЕЛГІЛЕНГЕН "МАҢҒЫСТАУ ЭЛЕКТРОТОРАПТЫҚ БӨЛУ КОМПАНИЯСЫ" АҚ KZ1C24600013 (MREK) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН САТУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛМЕЙТІН БОЛДЫ

15.02.11 10:10
/KASE, 15.02.11/ – "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы" АҚ (Ақтау) KZ1C24600013 жай акцияларын (KASE ресми тізімі, екінші санат, MREK) сату бойынша өкілетті сатушы болып табылатын "БТА Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Секьюритис" АҚ 2011 жылдың 16 ақпанына белгіленген, аталмыш акцияларды сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтың болмайтынын хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдады.