03 АҚПАНДА KASE "АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ

04.02.11 09:27
/KASE, 04.02.11/ – 03 ақпанда Қазақстан қор биржасы (KASE) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ (АӨҚО) қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Аталмыш семинар KASE және АӨҚО-ның бағалы қағаздар нарығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттығын арттыруға бағытталған шараларды дамыту бойынша бірлескен жұмысынығ аясында өткізілді.