"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ "АЛЬЯНС БАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) XS0495755729, XS0495756024 (ASBNE10) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША БИРЖАДА МАРКЕТ-МЕЙКЕР МӘРТЕБЕСІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

21.01.11 18:06
/KASE, 21.01.11/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының шешімімен (KASE) "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 21 қаңтарынан бастап "Альянс Банк" АҚ-ның (Алматы) XS0495755729, XS0495756024 халықаралық облигациялары (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ASBNe10; 978 059,00 АҚШ доллары; 25.03.10 – 25.03.20, жылдық купон, 25.03.17 дейін жылдық 0,00 %, бұдан ары – 5,80 % жылдық; 30/360) бойынша маркет-мейкер міндеттерін атқарудан айырылды. Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі құжатының 7 бабы 3 тармағына сәйкес, "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ 2011 жылдың 18 және 19 қаңтарында "Қор нарығы мүшелеріне арналған маркет-мейкер мәртебесінің маманданымы" атты KASE ішкі құжатының 2 бабы 2 тармағының 1) тармақшасын бұзып, аталмыш облигациялар бойынша міндетті баға белгілеулерді қолдамағанына байланысты қабылданды.