ҚҚА "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) акцияларын 2010 жылдың 19 маусымынан 19 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

24.01.11 17:06
/KASE, 24.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2010 жылдың 27 желтоқсанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 19 маусымынан 19 желтоқсанына дейінгі кезеңде "Еуразиялық банк" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2010 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Еуразиялық банк" АҚ 17 692 030 жай және 3 000 000 артықшылықты акциясы орналастырылмаған.