"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

18.01.11 16:38
/KASE, 18.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банк тіркеушісі " Зерде" тіркеуші" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің (тек жарияланған KZ1C35970017 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 47 000 000 дана; - банктің 38 419 739 акциясы орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға UniCredit Bank Austria AG (Австрия, Вена) болып табылады, оның иелігінде банктің 38 277 405 жай акциясы (банктің орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,63 %) бар.