"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін KASE-ге ұсынды

18.01.11 16:40
/KASE, 18.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың 01 қаңтардағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банк тіркеушісі "Тіркеуші компаниясы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C31550011 жай акцияларының жалпы саны 33 000 000 дана, артықшылықты акцияларының жалпы саны 3 000 000 дана; - банктің 15 307 970 жай акциясы орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Еуразиялық қаржы компаниясы" (Алматы) болып табылады, оның иелігінде банктің 15 258 070 жай акциясы (банктің орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,67 %) бар.