"ҚазМұнайГаз" Барлау Шығару" АҚ (Қазақстан) 2010 жылдағы өз қызметінің операциялық нәтижелерін жариялады

11.01.11 15:53
/KASE, 11.01.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Шығару" АҚ (Астана), биржаға 2011 жылдың 11 қаңтарында өз баспасөз-релизін ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Шығару" АҚ ("ҚМГ БШ", "Компания") өзінің "Қазгермұнай" БК, "CCEL" ("Қаражанбасмұнай") және "ПетроҚазақстан Инк." ЖШС үлестерін ескере отырып, 2010 ж. 13 285 мың. тонна мұнай (тәулігіне 270 мың. баррель) шығарды, бұл 2009 ж. Салыстырғанда 1 788 мың. тоннаға немесе 16% асты. Мұнай шығарудың көбею себебі 2009 ж. "ПетроКазахстан Инк." 33% үлесін иеленуіне байланысты. 2010 жылға қойылған өндірістік жоспарларды "Өзенмұнайгаз" ӨФ-дан басқа филиалдар мен қауымдастырылған кәсіпорындары асыра орындады. 2010 ж. "Өзенмұнайгаз" және "Эмбамұнайгаз" өндірістік филиалдар 2009 жылмен салыстырғанда 8 766 мың. тоннаға (тәулігіне 177 мың. баррель), яғни, бұл 196 мың. тоннаға немесе 2%-ға кем шығарды, 2009 ж. 8 962 мың. тонна (тәулігіне 181 мың. баррель) шығарылған. Бұл ретте "Эмбамұнайгаз" алға қойылған жоспарды 1%-ға асыра орындады, ал "Өзенмұнайгаз" өндірістік жоспарды 1%-ға орындаған жоқ. "Өзенмұнайгаз" филиалындағы мұнай шығарудың төмендеу себебі 4 және 18 наурыз аралығында наразылық акциясы өткізілуге байланысты ұңғымалар қорына қызмет көрсету тәртібі бұзылып, мұнай өндіру жабдықтарының уақытылы жөндеу жұмыстары өткізілмеді, сондай-ақ 2010 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін жағымсыз табиғи жағдайларына байланысты кен орындарында электрэнергиясын аппаттық сөндірулер мен шектеулер болды. ҚМГ БШ қауымдастырылған кәсіпорындардың 2010 жылдағы мұнай шығаруындағы үлесі 4 519 мың. тоннаны (тәулігіне 93 мың. баррельді) құрады. Байланыс үшін ақпараттар: "ҚМГ БШ" АҚ, Қоғаммен байланыс үшін (+7 7172 97 7600) Дәулет Жұмаділ e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БШ" АҚ, Институттық инвесторлармен байланыс үшін (+7 7172 97 54 33) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147) Елена Добсон e-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы