"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 2010 жылғы қызметінің нәтижелерін және 2011 жылға міндеттерін хабарлады

25.01.11 17:51
/KASE, 25.01.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) Биржаға баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ құрамындағы басты ұлттық институт және Қазақстанның ірі қаржы ұйымдарының бірі болып табылады (2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша активтер мөлшері $6,5 млрд.). Банк Қазақстанның ерікті рейтингтері деңгейінде, қазақстандық банктердің арасында ең жоғарғы кредиттік рейтингтерге ие. 2010 жылдың қорытындылары бойынша ҚДБ Қазақстанның жедел индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - ЖИИДБ) жүзеге асыру аясында жобаларды несиелендіру көлемінің өсуін көрсетті, негізгі қаржы көрсеткіштерінің өсуін, экономиканың шикізаттық емес салаларына ірі шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етті. 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, ҚДБ несиелік портфелі жыл басынан $968 млн. немесе 48%-ға өсіп, $2,9 млрд. асып түсті. Несиелік портфельдің құрылымында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған несиелердің үлесі басым (82%), бұл Банк қызметінің инвестициялық бағытын көрсетеді. ҚДБ ірі индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды, ең алдымен, металлургия, химия, мұнай химия, энергетика, көлік, коммуникация және туристік инфрақұрылым сияқты салаларды қаржыландыруға басымдық танытады. 2010 жылы Банк жалпы құны $1,35 млрд. теңгені құрайтын, 6 жаңа инвестициялық жобаны қаржыландыруға мақұлдады, оған Банк тарапынан $1,26 млрд. теңге құйылды, аталған жобалар ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау бойынша стратегиялық жоба, Алматы облысындағы Мойнақ ГЭС құрылысының үшінші кезеңі, Шардары ГЭС-інің қуаттылығын арттыру бойынша жоба және т.б. бар. 2010 жылы ҚДБ тобы (ҚДБ және ҚДБ-Лизинг) жалпы құны $1,4 млрд. теңгені құрайтын 18 жобаны енгізді, оған ҚДБ $701,5 млн. теңге бөлді, соның ішінде ҚР Үкіметінің стратегиялық инвестициялық жобаларының тізіміне енген, нысандар іске қосты. 2011 жылы Банк жалпы құны 2,4 млрд. USD құрайтын 18 жобаның қаржыландырылуын аяқтап, жалғастырмақшы және 5 жаңа жоба бойынша қаржыландыру жасауды көздеп отыр. 2011 жылы Банктің жүзеге асырып жатқан, жалпы құны 650 млн. USD құрайтын, 10 жобасын іске қосу жоспарлануда. Банктің фондтау базасының көлемі жыл басынан 34% өсіп, 2011 жылдың 1 қаңтарында 5,2 млрд. USD құрады. 2010 жылы Банк тарапынан Қазақстан экономикасына 1 млрд. 150 млн. АҚШ долларына шетел инвестициясы (Export-Import Bank of China, JBIC, BNP Paribas, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, Еврооблигации) және 43 млрд. теңгеге ішкі инвестиция тартылды. Бұған қоса, Банк $1,5 млрд. сомасына қаржыландыру тартуды жоспарлап отыр (еурооблигацияларды шығару, байланыстырылған және банкаралық қарыздар, Қазақстанның ішкі нарығында теңгелік облигацияларды орналастыру). Алдағы бес жыл арасында ҚДБ қызметі, мемлекеттік маңызы бар ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы 2010-2014 жылдарға арналған, ЖИИДБ міндеттерін орындауға бағытталмақ. Банктің алдына қойған мақсаты – ЖИИДБ жүзеге асыру барысында Қазақстан бойынша өнеркәсіптің және инфрақұрылымның шикізаттық емес салаларына жұмсалатын инфестициялық салымдардың кемінде 10% қамтамасыз ету. 2015 жылға несие портфелінің мөлшерін $7 млрд. және 2020 жылы $10 млрд. арттыру. Сондай-ақ, Standard & Poor’s агенттігінің 2015 жылы GAMMA-6 төмен емес және 2020 жылы GAMMA-7+ төмен емес дәрежесінде копоративтік басқару рейтингісіне ие болу.